«Битум мәселесі дәйектелді, қазір «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ таза, қоспасы жоқ Қаражамбас мұнайын жеткізу жайын анықтады, бүгінде зауытты Өзенде ме, әлде Ақтауда орналастыру керек пе деген мәселе талдануда», — деді Л. Қиынов.
«Меніңше, жылдың аяғына дейін біз түпкілікті шешім қабылдаймыз», — деді ол Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. Өз кезегінде үкімет басшысы энергетика министрлігіне бұл мәселені ағымдағы жылға сыйғызып шешуді тапсырды. «Қараша айында шешейік, бұл мәселе үшін Мыңбаев тікелей жауап береді», — деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті