Жарияланды: 440

Қазақстанда биыл жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7%-ға азайды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биыл жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7%-ға азайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кардиологиялық қызметті дамыту бағдарламасы одан әрі жалғасуда, бес облыс пен Алматы қаласында кардиохирургиялық бөлімдер ашылды, Ақтөбеде аймақтық орталық ашылды, жүрекке үш мыңдай операция, соның ішінде балаларға 350 операция жасалды", - деді А. Дерновой. "Соның нәтижесінде биыл Қазақстанда жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7%-ға азайды ", - деді ол. Сонымен бірге, министрдің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кардиохирургиялық бөлімшелерді ашу мерзімі кейінге қалдырылды. "Кейінгі айда жағдай өзгерді, жылдың аяғына таман бұл өңірдегі міндеттемелер орындалады деп ойлаймын", - деді ол. Сонымен бірге, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 2008 жылы осындай бөлімшелер ашу мақсаты биыл орындалмай қалу қаупі бар, "бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі оларға қажетті жабдықтарды сатып алған". "Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері кардиохирургиялық бөлімшелерді биыл, ал Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының әкімдіктері оларды 2009 жылы ашуды қамтамасыз етуі қажет", -деді А. Дерновой. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін