Қазақстанда бүгінгі жағдаймен егіс алқаптарының 8%-ынан егін орылды
Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгінгі жағдаймен егіс алқаптарының 8%-ынан егін орылды. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бүгінгі жағдаймен 848 мың гектар, немесе егіс алқаптарының 8%-ынан егін орылды. 832 мың тонна астық жиналды. Былтыр осы уақытта егістіктердің 9%-ынан 1,3 млн тонна астық жиналған болатын. Елдің барлық өңірлерінде дерлік астық дақылдары жиналуда", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін