Қазақстанда дағдарыс болған жоқ - Ұлттық банк төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дағдарыс болған жоқ - Ұлттық банк төрағасы

Қазақстанда дағдарыс болған жоқ - Ұлттық банк төрағасы

Алматы. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банктің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов Қазақстан Республикасында дағдарыс болған жоқ деген ойда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әнуар Сәйденовтың "Караван" газетіне берген сұхбатына сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 739
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда дағдарыс болған жоқ… Егер дағдарысты белгілі бір кезеңдік экономикалық құбылыс ретінде алар болсақ, бұл кезеңнің нақты өлшемі бар. Ал бұл дағдарыс өлшемдерінің ешқайсысы Қазақстанда болған жоқ. Себебі, экономика мен ЖІӨ-нің өсуі жалғасты. Банктердің активтері азайған жоқ. Оларда төлем дағдарысы болған жоқ. Олар ішкі және сыртқы міндеттемелерін орындап келді», — деп атап көрсетті Ә. Сәйденов.

«Ал АҚШ-ның несие нарығындағы оқиғалардың Қазақстан банктерінің қазіргі қызметіне айтарлықтай ықпал етуі басқа мәселе. Соның салдарынан ірі халықаралық банктер шығынға батты. Инвесторлар өз стратегияларын қайта қарап, қатарына Қазақстан да енетін дамушы елдердегі қаржы институттарына қатысты сақтықпен қимылдай бастады. Сондықтан да, Қазақстан банктерінің жаңа несие алу мүмкіндігі не толығымен жабылды, не ең төменгі мөлшерге дейін азайтылды», — деп сөзін жалғастырды Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, соңғы 2-3 жылда Қазақстан банктері халықаралық нарықта өте көп қаржыны қарызға алған. Ал шетел банктеріне қарызды қайтаратын уақыт жеткен кезде олардың бар істегені қажетті соманы қайта қарызға алып, яғни, міндеттемелерін қайта қаржыландырып отырған.

«Дүниежүзілік қаржы жүйесі тұрақты тұрғанда бұл әдіс өз жемісін тамаша беріп келді. Алайда, алғашқы қатер белгісінен кейін-ақ арзан шетел несиелерінің көзі жабылды. Ал қарызды өз уақытында қайтару үшін біздің банктеріміз өзге қорларды іздей бастады», — деді Ә. Сәйденов.

«Енді біздің банктерімізге шетел қорларынан қызметін жалғастыратын қаржылық ағын тоқтады. Соңғы 2-3 жылда олардың несиелік портфелі жылына 60-80 пайызға өсіп отырған. Мұндай өсім ендігәрі болмайды. Себебі, банктер өз қаражаттарының бір бөлігін қарыздарын жабу үшін қалдыратын болады. Бұл олардың еліміздің экономикасына жұмсайтын жаңа несиелер көлемінің күрт құлдырауына алып келді», — деп атап көрсетті Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов. Ол сондай-ақ, банк несиесіне тікелей тәуелді болып отырған экономика салаларына әсер еткендігін де еске салып өтті.

«Мұның айқын мысалы — құрылыс саласы. Құрылыс компаниялары өз қызметтерінің аса үлкен көлемін банк несиесі арқылы жинақтаған. Сондықтан олар осалдық танытты. Бірақ, бұл салада да әзірге дағдарыс жоқ деген ойдамын. Соған қарамастан бұл жердегі мәселе өте күрделі. Бұл салада тұралатқан түзету жүргізіліп жатыр», — деп түсіндірді Әнуар Сәйденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті