Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті

Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті

Айта кету керек, Қазақстан макулатура мен қағазды экспорттауға тыйым салуды қайта енгізгісі келеді.

  • 15 Қазан 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бір жыл ішінде Қазақстанда дәретхана қағазы 6%-ға қымбаттады деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz.

Energyprom.kz зерттеуіне қарағанда, 2021 жылдағы сегіз ай ішінде елімізде 56,8 млрд теңгеге қағаз және қағаз өнімдері шығарылды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Сектордағы өнеркәсіптік өндірістің нақты өсімі 3,7%-ды болды.

Өндірістің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі болды: 19,3 млрд теңге. ТОП-3-ке Алматы қаласы (16,9 млрд. теңге) мен Шымкент (5,3 млрд теңге) кіреді.

Айта кету керек, Қазақстан макулатура мен қағазды экспорттауға тыйым салуды қайта енгізгісі келеді. Бұйрықтың жобасы ішкі нарықта дайын өнімнің құнын төмендету үшін қайта өңделетін қағазды немесе картонды (макулатура мен қалдықтар) отандық түрлендірушілерді қолда бар шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Биыл қыркүйек айының соңында дәретхана қағазының жыл сайынғы өсімі 5,9 пайыз болды. Аймақтық жағдайда бағаның ең жоғары өсуі Жамбыл (11,9%), Шығыс Қазақстан (10,8%) және Атырау (9,1%) облыстарында байқалды, – деп жазды сарапшылар.


Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттады

А4 форматындағы қағаз да бір жыл ішінде 5,8%-ға қымбаттады. Бағаның өсімі Атырау (жылына 17,6%), Ақмола (12,2%) және Қызылорда (12,1%) облыстарында тіркелді.

Соңғы жаңалықтар