Қазақстанда демалыс күндеріндегі локдаун сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда демалыс күндеріндегі локдаун сақталады

Қазақстанда демалыс күндеріндегі локдаун сақталады

Кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі локдаун сақталады

  • 9 Қыркүйек 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда кейбір карантиндік шектеу мен демалыс күндеріндегі локдаун сақталады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі локдаун сақталады.Министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр, ел бойынша төсек саны — 54 178. Бұл 16 304 инфекциялық төсек. Салынып жатқан нысандарда 2790 жаңа және басқа стационарларда 32 064 төсек бар. Реанимациялық төсек саны барлығы — 2981.

9 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 19 066 инфекциялық төсек бар. Реанимациялық төсектердің 14 пайызы бос емес", — деді министр Алексей Цой Үкімет отырысында.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3379 өкпені жасанды желдету аппараты бар, қосымша тағы 2619 аппарат бар.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде науқастардың саны 106 498-ге жетті.