«Біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыратын арнаулы қор құруды жоспарлап отырғанын естіп қуандық. Бұл экономикалық жағынан тиімді идея»,- деді ол.
«Біз үшін Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесу үлкен абырой. Біз Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының жай-күйі мен жалпы аймақ халқының денсаулық жағдайын жақсарту мен қамтамасыз етуде Қазақстан атқара алатын рөл жайлы талқыладық»,- деді Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті