Қазақстанда докторантураға түсу ережесі өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда докторантураға түсу ережесі өзгереді

Қазақстанда докторантураға түсу ережесі өзгереді

Қазақстанда докторантураға тек үш жыл еңбек өтілі бар талапкерлер ғана құжат тапсыра алады. Бұл туралы Азаттық радиосы Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 19 Мамыр 2016
  • 1340
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, биылдан бастап докторантураны ақылы негізде оқуға құжат тапсыруға болады. Ақылы білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Биыл Қазақстанда докторантураға 628 грант бөлінеді. Білім министрлігінің дерегінше, қазір Қазақстан университеттерінде 2288 докторант оқып жатыр. 
Бұған дейінгі ереже бойынша Қазақстанда талапкерлер магистратура бітірген соң бірден докторантураға құжат тапсыра беретін.