Қазақстанда электр қуатының тарифтері өседі - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электр қуатының тарифтері өседі - Назарбаев

Қазақстанда электр қуатының тарифтері өседі - Назарбаев

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикада электр қуатының тарифтері өсетіндігі туралы мәлім етіп, қазақстандықтарды қуат ресурстарын үнемдеуге шақырды.

  • 12 Қазан 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Бізде электр қуатының, ыстық және суық судың тарифтерінің арзандығына байланысты біз бұл ресурстарды қажеттіліктен артық көлемде ысыраптап жатырмыз»,- деді жұмада «Қазақстан -2030″: алғашқы онжылдық қорытындысы және келешек» атты халықаралық конференцияның аяқталуына орай журналистерге берген сұхбатында.

«Біздің өнеркәсіптердің энерго шығындары дамыған елдермен салыстырғанда үш — төрт есеге артық»,- деді президент. Ол, тарифтердің төмендігі энергетика компанияларының негізгі қорды модернизациялауға және ауыстыруға мүмкіндік бермейді, деп түсіндірді. «Біз мұндай негізгі қорлармен бәсекелестікке қабілетті өнім құра алмаймыз»,- деп санайды елбасы.

«Біз бұдан әрі мұндай тарифті ұстап тұра алмаймыз, бізге энерготехникалық қуаттылықтарды реконструкциялауға қаржы қажет»- деді ол.

Назарбаев республика тұрғындарын энерго ресурстарын үнемдеуге шақырды. «Үнемдеу — бұл сараңдық емес, мәдениет»,- деп атап көрсетті Қазақстанның елбасы. «Адам неғұрлым бай болса, ол соғұрлым үнемшіл. Ал бізде мұжықтан бір сәтте миллионерге айналғандар ақшаны оңды-солды шашуда, азаматтарды қайта тәрбиелеуге тура келуде»,- деді президент.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Назарбаев үкімет мүшелерімен жиналыс өткізген. Президент энергия мен суды үнемдеудің қажеттілігі туралы кең ауқымды түсіндірме жұмыстар жүргізуді тапсырған.

Сондай-ақ елбасының пайымдауынша, «қуатты үнемдеуге қатысты жұмыстарды әкімшілік және материалдық ынталандыру шараларын, сонымен қатар заңнамалық базаны жетілдіруді қарастыратын біртұтас мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет», — деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.