Қазақстанда электр тапшылығы болжамдалғаннан бұрын пайда болуы мүмкін - Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электр тапшылығы болжамдалғаннан бұрын пайда болуы мүмкін - Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы

Қазақстанда электр тапшылығы болжамдалғаннан бұрын пайда болуы мүмкін - Екібастұз ГРЭС-2 басшылығы

Павлодар. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда электр қуатының шын мәніндегі жетіспеушілігі болжамдалғаннан бұрын пайда болуы мүмкін, деп мәлім етті "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Екібастұз ГРЭС-2 басқарма төрағасының инвестиция және даму жөніндегі орынбасары Ғалымжан Мұхамедзянов.

  • 11 Ақпан 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Болжамдарға сүйенсек, Қазақстан 2012 жылға қарай электр қуатының жетіспеушілігіне ұрынуы мүмкін. Алайда, бүгінгі күннің көрінісі бұл жетіспеушіліктің әлдеқайда ерте пайда болатынын көрсетіп отыр», — деп мәлімдеді Ғ.Мұхамедзянов.

Оның айтуынша, 2007 жылы өнеркәсіп өсімі 10 пайыздан асып кеткен. Ал электр қуатының дамуы қатты кейін қалған. Бұл елдің әрі қарайғы дамуында тежеу болмақ.

«Күн сайын біздің тұтынушыларымыз қосымша энергия сұрайды. Жетіспеушілік қазірдің өзінде жақсы сезіліп отыр», — деді ол.

Ғ. Мұхамедзяновтың айтуынша, 2012 жылы елде 0,4 млрд кВт/сағат электр қуаты жетіспейтін болады.

Екібастұз ГРЭС-2 басқарма төрағасының орынбасары атап көрсеткендей, электр қуатына деген қажеттілік Қазақстанда ғана емес, Ресейде де қатты өсіп отыр. «Біз қазір 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салу қажеттілігі жөнінде айтудамыз. Алайда, 2012 жылға дейін біз бірінші кезеңді аяқтай алмаймыз. Себебі, негізгі құралдарды жасайтын зауыттардың өндіріс алаңдары бос емес».

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылы №3 блокты 2011 жылға қарай аяқтау көзделген болатын. Бірақ, орын алған жағдайға байланысты аяқтау мерзімі 2012 жылға дейін шегерілді. №4 блок жоба сәйкес пайдалануға 2016 жылы берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті