Қазақстанда электромобильдер кедендік баж салығынан босатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда электромобильдер кедендік баж салығынан босатылуы мүмкін

Қазақстанда электромобильдер кедендік баж салығынан босатылуы мүмкін

Үкімет электромобильдерді кедендік баж салығынан толығымен босату мәселесін қарастырып жатыр.

  • 10 Қазан 2013
  • 503
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Astana International Auto Salon — 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесінің ашылу салтанатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Электромобильдерді кедендік баж салығынан толығымен босату қажет. Бүгінде ел Үкіметі осы идеяны жан-жақты қарастырып жатыр», — деп атап көрсетті вице-министр. Оның айтуынша, бұл бастама Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жұмысымен үндеседі.


Айта кеткен жөн, бүгін Астанада ашылған «Astana International Auto Salon — 2013» (AIAS-2013) I Халықаралық автөкөлік көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет i-MiEV (Mitsubishi Innovative Electric Vehicle) үлгісінде экологиялық таза және шусыз инновациялық электромобильдің ресми таныстырылымы болды.