Қазақстанда Елбасы есімді қанша адам тұратыны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Елбасы есімді қанша адам тұратыны анықталды

Қазақстанда Елбасы есімді қанша адам тұратыны анықталды

Қазақстанда Елбасы есімді қанша адам тұратыны анықталды.

  • 1 Желтоқсан 2021
  • 81
Фото - Caravan.kz

Бүгінде Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады, — деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Ал Нұрсұлтан есімді ерлер саны — 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

"Ұлттық статистика бюросы есімдерге байланысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан есімдері кездеседі", — дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алдоңғарқызы.

Еске слайық, бүгін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңына толықтырулар енгізу туралы" заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.


Соңғы жаңалықтар