"Қазақстанда елді мекендердің орыс атауларымен күрес жалғасуда": Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда елді мекендердің орыс атауларымен күрес жалғасуда": Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда?

"Қазақстанда елді мекендердің орыс атауларымен күрес жалғасуда": Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда?

Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? Қандай хабарлар таратуда?

  • 21 Ақпан
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы да Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа шолу жасап, орыс тілінен аударылған материалдарды назарларыңызға ұсынады.

Саратов обылысындың қазақтары соғысып жатқан ресейлік әскерлерге көлік алып берді — Регион 64

Саратов облысы қазақтарының өңірлік ұлттық-мәдени автономиясы төрағасының орынбасары Рендос Кубланов "Нива" автокөлігін арнайы әскери операцияға қатысушыларға 94-ші полкке сатып алып, жөнелтті.

Ұйымның төрағасы Айдос Арстанов Отан қорғаушыларға қолдау көрсету қажет деп санайды.

"Біздің ұйым арнайы әскери операцияға қатысушыларға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады. Өзіме және Саратов облысының қазақтарынан біздің әскери қызметшілерімізге алғыс айтамын", — деп атап өтті Айдос Арыстанов.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Қазақстандағы Православие зиратының талқандауын алаңдатарлық деп тапты — Ведомости

Қазақстанның Маңғыстау облысында православиелік қабірлерді қорлау оқиғасы Республика қоғамына тән емес, бірақ соған қарамастан алаңдаушылық туғызады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Астанадағы Елшілігінің хабарламасында айтылған.

"Православиелік қабірлерді қорлау оқиғасы көпконфессиялы қазақстандық қоғамға мүлдем тән емес болып көрінеді, бірақ соған қарамастан бұл бізді алаңдатып отыр", – делінген хабарламада.

Дипломатиялық өкілдікте бұл жағдай "көпмәдениетті және бейбіт Қазақстан халқының" құндылықтарына қайшы келетінін атап өтті. Елшілік сонымен қатар бұзақылар жақын арада ұсталып, жазаланатынын атап өтті.

Қазақстанда елді мекендердің орыс атауларымен күрес жалғасуда — EuroAsia daily

Қазақстанда елді мекендердің орыс және кеңестік атауларымен күрес жалғасуда. Алматы облысында бірнеше ауылдар мен ауылдық округтердің атауын өзгерту жарияланды.

Агенттік хабарлағандай, атаулардың өзгеруі Іле ауданында орын алмақ. Энергетикалық ауылдық округ Өтеген батыр ауылдық округі болып өзгертіледі. Покровка ауылы Кенен Әзірбаев ауылына, Чапаев ауылдық округі және Чапаев ауылы — Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы. Межречен ауылдық округі және Межреченск ауылы — Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы. Комсомол ауылы-Жайнақ ауылына. Қызыл-Ту ауылы-4 (Қызыл Ту-4) Жібек жолы ауылына өзгертілмек.

Соңғы жаңалықтар