Қазақстанда еңбекке ақы төлеуде кемсітушілікке жол бергендер қылмыстық жазаға тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда еңбекке ақы төлеуде кемсітушілікке жол бергендер қылмыстық жазаға тартылады

Қазақстанда еңбекке ақы төлеуде кемсітушілікке жол бергендер қылмыстық жазаға тартылады

 Қазақстанда бір салада қызметкерлерге ақы төлеуде диспропорцияға жол берген жағдайлар үшін жауапкершілік шаралары күшейтілетін болады, тіпті қылмыстық жазаға тарту көзделген, деп хабарлады еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

  • 27 Қараша 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

"Біз мәжілісте қаралып отырған Әкімшілік кодекске және Қылмыстық кодекске құқық бұзушылықтың жаңа құрамын енгіздік- еңбекке ақы төлеудегі кемсітушілік", деді ол сәрсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.

Ол атап өткендей, бұл мәселені жүйелі шеші үшін министрлік ұлттық стандарттарды әзірлеу және ұлттық біліктілікті құру жөніндегі жұмысты бастады.