Банкноталарды айырбастау жеке тұлғалар үшін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін жүзеге асырылады, дп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тұрғындардың өтінішімен осындай шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, көбіне зейнет жасындағы қарт адамдар, белгілі бір себептермен ескі банкноталарды айырбастап үлгермеген", — деді ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.
Банкноталарды айырбастау тек Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттармен айырбастау төрт жылға — 2016 жылдың 4 қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін созылды.