«Республикада бұрынғыдай қолданылатын еті өндіру көлемінен көп екендігін атап өту қажет»,- деді Р. Тоқсейітова.
«Соңғы жылдары жеке өндірудің тұрақтанғандығы және де кей тұстарда өскендігі байқалады, республикада барлық мал басының саны мен мал шаруашылық өнімдерін өндіру жыл сайын орташа 5-8 пайызға өскен. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштерді 1990 жылдардағы деңгеймен салыстырғанда күрт түсіп кеткендігін — 2, 3 есеге төмендегіндігін байқауға болады»,- деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, 2007 жылдың 1-қазанында мал шаруашалығының өнімдерін өндіру мен мал басының өсуі, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орташа 3-7 пайызды құраған. «Жалпы ет өндірісі көлемінің 45 пайызы сиыр етінің үлесінде, шошқа еті — 24 пайыз, 14 пайызы — қой еті, 8 пайызы — тауық етінің үлесінде. Сондай-ақ тапшылық ет импортымен толықтырылуда — 2006 жылы 152 мың тонна тауық еті, 13,3 мың тонна сиыр еті және 2,9 мың тонна шошқа еті импортталады»,- деп қорытындылады Р. Тоқсейітова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті