Жарияланды: 430

Қазақстанда ЕурАзЭҚ-тың 10 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Бүгінгі күннен бастап Қазақстан аумағында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының 10 жылдығына арналған көркем марка пошта айналымына шықты.

Марканың тұсаукесері бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕурАзЭҚ бас хатшысы Таир Мансұров пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың қатысуымен болып өтті. Мерейтойлық марка - халықаралық ұйымдардың құрылуына арналып отырған пошта маркаларының 7 шығарылым және Қазақстанның пошта маркалары топтамасындағы 731 інші марка. «Бұл тұрғындарға пошта жіберілімдері мен филателистердің топтамаларынан ЕурАзЭҚ сынды табысты интеграциялық қоғамдастық экономикалық климаттың жақсаруын және біздің болашаққа деген сенімімізді арттырып отырғанын көре алады», - деп атап өтті Т.Мансұров. Маркада ЕурАзЭҚ логотипі мен қазақ тілінде мәтіндік композияция бейнеленген. Марка 4 түстік офсеттік әдіспен дайындалған, номиналы - 32 теңге, көлемі - 28х30 мм, таралымы - 50 000 дана, суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін