Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті несиелендіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес 5 жылда 350 млн. доллардан астам қаржы игерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті несиелендіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес 5 жылда 350 млн. доллардан астам қаржы игерілді

Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті несиелендіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес 5 жылда 350 млн. доллардан астам қаржы игерілді

Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнесті несиелендіру жөніндегі бағдарламасына сәйкес 5 жылда 60 мыңнан астам қарыз алушыға 350 млн. доллардан астам қарыз таратылды. Бұл туралы бүгін, 6-қазанда Алматыда ҚР банктері өкілдерімен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президентінің орынбасары Девид Хекстер хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, несиелердің 70 проценттен астамы 5 мың доллардан жоғары көлемде берілген. Ал көлемі жағынан ең аз несие 40 долларды құрады. Сондай-ақ, Д.Хекстер бұл бағдарлама аясындағы несиелердің қайтарымы жоғары екенін хабарлады. Атап айтсақ, берілген барлығы 27 мың несиенің қазір тек 122-сі бойынша борыш қалып отыр.

«Бағдарламаның маңыздылығы сонда, ол Қазақстан экономикасын диверсификациялауға септігін тигізеді «,- деді Д.Хекстер.
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әнуар Сәйденов бағдарламаны елімізде жүзеге асыру барысында қол жеткізілген жоғары нәтижелерге тоқталды. Атап айтсақ, ол елімізде 1200 несиелік мамандардың дайындалуын, сондай-ақ, Қазақстан рыногінде несиелендіру саласы бойынша халықаралық озық стандарттардың енгізілуін атады.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнес жөніндегі тобының директоры Элизабет Уоллес Қазақстандық бағдарламаны аталмыш халықаралық қаржы институты дүниежүзінің 26 елінде жүзеге асыратын осы тектес бағдарламалардың арасындағы «ең табыстысы» деп атады. Оның айтуынша, соңғы уақытта аталмыш бағдарлама бойынша ай сайын 4 мың қарыз алушы несиемен қамтамасыз етілген. Еуропалық қайта құру және даму банкі алдағы жылы бұл санды 10 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ, банк 2004-жылғы жоспарында аталмыш бағдарлама аясында кем дегенде 70 мың несие таратып, еліміз бойынша несие беруші бөлімшелерінің санын қазіргі 150-ден 300-ге жеткізбекші.
Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздегі бұл бағдарламаны 7 коммерциялық банкпен бірлесе жүзеге асыруда. Олардың арасында Қазкоммерцбанкі, Халықтық банк, АТФБ, Темір, ТуранӘлем, ЦентрКредит және Цесна банктері бар.
Қазкоммерцбанкі басқарушысының хабарлауынша, қазір банк әрбір бесінші несиені осы бағдарлама аясында беруде. Бұл бағдарлама аясында несие берудің бір артықшылығы сонда, бәсекелі проценттік өсім бойынша несие беру мерзімі қысқарумен бірге қарыз алушының кепілзат базасына емес, оның іс-қызметінің нәтижесіне қарай қарыз беріледі.
АТФБанкі басқармаларының төрағасы Тимур Исатаев бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 50 мың жаңа жұмыс орны құрылғанын тілге тиек етті.
Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болу мақсатымен шағын бизнесті несиелендіру жөніндегі бағдарламасын Қазақстан үкіметімен бірлесе отырып 1998-жылдан бастап жүзеге асыра бастаған.