Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Ақпан 2008
  • 349
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің ҚР Статистка жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2008 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы — 0,8%-ға, ақылы қызметтердің құны 0,6%-ға өсті.

2008 жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 18,7% (2007 жылдғы желтоқсанда — 18,8%) болды. Азық-түлік тауарлары 26,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар 11%-ға, ақылы қызметтер 14,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті