Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қаңтарында 1,1% құрады, 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Ақпан 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 2008 жылдың қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы — 1,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы — 0,8%-ға, ақылы қызметтердің құны — 0,6%-ға өскен.

«Өткен айда азық-түлік тауарларының ішінде ең жоғары қымбаттағандары: жеміс-жидек және көкөніс — 4,8%, сүт өнімдері — 3,5%, жұмыртқа — 2,5%, макарон өнімдері — 1,9%, балық және теңіз өнімдері — 1,6%, ет өнімдері — 1,5%-ға өскен. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде киім мен аяқ киім — 0,9%, тазартатын құралдар — 0,8%, бензин — 0,6%-ға көтерілді», — деп көрсетілген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ақылы қызмет құрылымында халық үшін медицина қызметіне баға — 1,8%, байланыс қызметіне — 1,4%, оның ішінде пошта қызметіне — 22,9% қосылған. Тұрғын үй-коммуналдық қызметі бір ай ішінде 0,3% қымбаттаған. Оның ішінде, ыстық сумен қамтамасыз ету мен орталық жылу жүйесі — әрқайсысының құны 1,1%-ға өскен.

2008 жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 18,7% (2007 жылғы желтоқсанда — 18,8%) болды. Азық-түлік тауарлары — 26,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар — 11%-ға, ақылы қызметтер — 14,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті