Қазақстанда ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына алғышарт немесе себеп жоқ - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына алғышарт немесе себеп жоқ - премьер

Қазақстанда ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына алғышарт немесе себеп жоқ - премьер

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына алғышарт немесе себеп жоқ. Бұл жайында бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына алғышарт немесе себеп жоқ, өйткені, іргелі факторлар өзгерген жоқ», -деді премьер-министр.

«Ұлттық банктің алтынвалюта қорының азаюы тиісінше Ұлттық қор активтерінің өсуімен ілесе жүруде, қор қаржысының жиынтық көлемі 37 млрд доллардан, немесе Жалпы ішкі өнімнің 42%-нан асады», — деді премьер.

«Банктер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Қор көлемінің азая түсуіне қарамастан, олар ел экономикасын несиелендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда», -деді ол.

Үкімет басшысының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 айында екінші деңгейлі банктердің экономикаға бөлген несиесінің көлемі 53,8%-ға, соның ішінде тамыз-қазан айларында 4,9%-ға өсті.

Жалпы алғанда Қазақстанның банк секторы өзгерген ахуалға дер кезінде әрі лайықты жауап қатты, деді премьер.

«Қарыз алушыларға қойылатын талап күшейтілді, несиелерді қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде, несиелік қоржынның сапасын арттыруға шаралар қолданылуда», — деп түсіндірді ол.

Оның пікірінше, үкімет пен Ұлттық банк тәуекелді лайықты бағалап отыр. «Қысқа мерзімді тұрақтандыру шарасы ретінде Ұлттық банк қайта қаржыландыру несиелері ретінде банктерге қолма-қол ақша береді», -деді премьер-министр.

Ол «әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық өсім қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін үкімет қайтарымдылық талабымен бюджеттен қаржы бөледі, деді. «2007 жылдың аяғына дейін $1 млрд, ал 2008 жылы $3 млрд кем емес қаржы бөлінеді», -деп нақтылады Кәрім Мәсімов.

«Бұл қаржы құрылыс салуға үлес қосқан азаматтардың құқығын қорғауға және ипотекалық нарықтың тұрақтылығының төмендеуіне жол бермеуге, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын соларға қолайлы жағдайда қаржыландыруды одан әрі жалғастыруға, сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру үшін маңызды келешегі бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталады», — деді ол.

«Бұл ретте қаржы банктер мен қаржылық ұйымдаға көмек көрсетуге емес, экономиканың нақты секторына арнап бөлінеді», — деді премьер. Оның айтуынша, банктер осы қаржыны пайдалануда тек қаржылық делдалдарға ғана айналады.

«Мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің шешуші принциптері — тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекел мен жауапкершілікті лайықты бөлісу болмақ», — деп қорытты үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті