Қазақстанда "Іздеу" іс-шарасы барысында 408 қылмыскер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Іздеу" іс-шарасы барысында 408 қылмыскер құрықталды

Қазақстанда "Іздеу" іс-шарасы барысында 408 қылмыскер құрықталды

Астана. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының аумағында 10 - 19 қараша аралығында жүргізілген "Іздеу" іс-шарасы барысында полицейлердің іздеуінде жүрген 408 қылмыскер құрықталған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің криминалдық іздеу басқармасынан хабарлады.

  • 22 Қараша 2007
  • 553
Фото - Caravan.kz

Криминалдық полиция комитетінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғандардың 41-не өткен жылы іздеу жарияланған, ал қалған 367-сі үстіміздегі жылы іздеу салынғандар. Іс-шара жүргізу барысында адам өлтірген 11 тұлға, денсаулыққа ауыр зардап келтірген 9 адам, қарақшылық шабуыл жасаған 20 қылмыскер, тонау қылмыстарын жасаған 23 адам және бопсалаушылық жасағаны үшін 4 адам ұсталған. Есіртікге байланысты қылмыстар жасағаны үшін іздеу жарияланған 202 адамның 40-ы ұсталған.

Сонымен қатар, Криминалдық полиция комитеті қызметкерлерінің хабарлауынша, іс-шараны жүргізу кезінде ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген 47 қылмыскер құрықталған.

«Кең ауқымды «Іздеу» шарасы іздеу жұмыстарын жандандыруға, ауыр және өте ауыр қылмыстар жасаған тұлғаларды іздеудің тиімділігін көтеруге бағытталған»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті