Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz— ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Аурудың клиникалық көріністері — температураның 38 градустан жоғары көтерілуі, ол 24 сағатқа немесе одан да көп уақытқа созылады. Парацетамол, ибупрофен секілді препараттар мұдай жағдайда көмектеспейді. Сондай-ақ бірқатар клиникалық белгілер байқалады. Мәселен, денеде бөртпе, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс жетіспеушілігі, ентігу, жүректе ауырсыну, конъюнктивит, алақан мен аяқтың ісінуі", — дейді маман.
Бұл синдромның нағыз кавасаки ауруынан айырмашылығы, бұл синдром барлық жастағы балаларға, соның ішінде жасөспірімдерге, 21 жасқа дейінгі жастарға әсер етеді.