Жарияланды: 470

Қазақстанда халық жаппай демалатын жерлерде есірткі таратудың өсе түскені байқалады - ІІМ

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда халық жаппай демалатын жерлерде таратылатын есірткінің өсе түскені байқалады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпараттық орталығының жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әсіресе, халық жаппай демалатын жерлерде таратуға бағытталған "клуб есірткісі" атанған "экстази", ЛСД және марихуананы тәркілеу деректерінің жиілей түсуі айрықша алаңдаушылық тудырады", -деді Б.Қожахметов. "Есірткіні оқу орындарында және оларға таяу жерлерде, халық жаппай демалатын жерлерде тарату деректері көбейді". ІІМ мәліметінше, Қазақстанда есірткіні тұтынушылардың 51% - 18 - 30 жас аралығындағы жастар, 5,6% - 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Нашақорлардың 74% еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, 8% - ота және жоғары оқу оырндарының оқушылары. Тек 2007 жылы есірткіні артық көлемде тұтыну салдарынан қаза тапқандар саны 473 адамға жеткен, олардың 90% - жастар. Қазір денсаулық сақтау органдарында есірткілік, психотроптық және улы заттарды тұтынушылардың тізімінде 55,2 мың адам бар, оның 3855 адамы - кәмелеттік жасқа жетпегендер, 4759-ы - әйелдер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін