Жарияланды: 510

Қазақстанда халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделі жасалады - еңбек министрі

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделі жасалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алдағы он жылға есептелген экономикалық белсенді тұрғындардың саны мен еңбек нарығының ахуалы халықты жұмыспен қамтудың жаңа моделін жасауды талап етеді", - деді Б. Сапарбаев. Оның айтуынша, жаңа үлгінің мақсаты - "өнімділігі жоғары жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейінің төмендігінің сабақтастығының негізінде" халықты өнімділігі жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады". "Жаңа үлгінің басты құрамды бөліктері - индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытуды ескере отырып салалардың техникалық және қызмет көрсетуші мамандарға деген сұранысының нақты болжамын жасауға саяды", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін