1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының азаматын өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген қос қырғыз азаматы РФ Кемеров облысының Тайга қаласында қолға түсті.
ОҚО полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1996 жылы ОҚО Сайрам ауданында ауыр соққы салдарынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылған болатын.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1969 және 1972 жылы туған Қырғызстан азаматтарына мемлекет аралық іздеу жарияланған-ды.
«Күдіктілер 17 жылдан кейін Ресейдің Кемеров облысындағы Тайга қаласында құрықталды», — делінген хабарламада.
Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.