Жарияланды: 420

Қазақстанда «Классик» радиосы ашылды

Қазақстанда «Классик» радиосы ашылды

Қазақстанда 6 маусымнан бастап 102,8 FM толқынында Орталық Азия кеңістігінде алғашқы рет «Classic» классикалық музыка радиосы жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткізілген брифинг барысында айтылды. Бұл «Хабар» агенттігі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа медиажобасы. Мақсат - академиялық музыкалық мәдениетті барша қазақстандық тыңдармандар үшін қолжетімді ету. «Біз көптеген ғасырлар мен онжылдықтар бойы уақыт тезінен өткен және әлемге үйлесімділік пен әдемілік сыйлайтын музыканы эфирге шығарғымыз келеді. Классикалық музыка әрбір адам мен жалпы қоғамның ақыл-ой потенциалын көтереді» - деді радио ашу идеясынының авторы, консерваторияның ректоры, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть