Жарияланды: 330

Қазақстанда "Көкнәр-2012" шарасы барысында 20 тоннадан аса есірткі тәркіленді

Қазақстанда республикалық "Көкнәр-2012" шарасы барысында 20 тоннадан аса есірткі тәркіленді, оның 45 килосы героин, деп хабарлады республиканың ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетінен.

Жұмада комитеттен таралған хабарламаға қарағанда, 1-маусым мен 31-қазан күндері аралығында жүргізілген операция барысында ішкі істер органдары 1307 есірткі қылмысын әшкереледі, оның ішінде 650 есірткі өткізу фактісі және есірткі контрабандасының 29 фактісі. Ұйымдасқан қылмыстық бес топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Бұл шараның негізгі мақсаты Шу алқабынан есірткінің әкетілу каналдарына тосқауыл қою, бүкіл аймақтарда "ауған" есірткі трафигінің каналдарын жою, есірткі бизнесіне мамандандырылған қылмыстық топтарды әшкерелеу болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін