Жарияланды: 610

Қазақстанда көлеңкелі экономикамен күрес бағдарламасы жасалуда

Қазақстан үкіметі көлеңкелі экономикамен күрес бағдарламасының жобасын жасап жатыр. Бұл туралы бүгін, 30-наурызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

"Бағдарлама жобасын жасаушы топтың мақсат-міндеті көлеңкелі экономиканың өзімен күреске бағытталмайды, керісінше, кәсіпорындардың жариялылыққа көшуіне жағдай жасауға саяды",- деді вице-министр. Оның пікірінше, "жариялы секторда жұмыспен қамтылушылар санын арттыруға ынталандыру" басты міндет болмақ. Г.Марченконың айтуынша, соған сәйкес Салық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекс, сондай-ақ, тіркеу, лицензия және сертификат беру жөніндегі заңдарға бірқатар түзетулер енгізіледі. ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің бағалауынша, Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі 1995-жылдан бері 37%-тен 23%-ке дейін азайды. "23% деген көрсеткіш Бельгия мен Венгрияның деңгейімен парапар",- деді Г.Марченко. Сондай-ақ, оның айтуынша, "жариялылыққа құлық танытпағандармен күресті күшейту қажет". Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуына қарағанда, "көлеңкелі экономиканың біраз бөлігі қылмыстық әрекеттерден құралады. Ал мұндай әрекеттерге тосқауыл қойылуы тиіс".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін