Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлері одағы жанындағы ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызмет бойынша Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы барысында аталмыш Одақ төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл клуб ұлттық деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.
«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көлік секторында қандай да бір жиынтық ұстаным болмай тұр. Үкімет те, тиісті министрлік те кейде шешім қабылдауда отандық ғылымның бүгінгі әлеуетіне емес, шетелдік консалтингтік фирмалардың зерттеуіне жүгінеді. Бұл әдеттегі тәжірибеге айналды. Сондықтан, ұлттық деңгейде осындай клубты құру қажет деп ойлаймын. Егер Көлік қызметкерлері одағы, бизнес қоғамдастық қолдап, қуаттаса болашақта бұл клуб көлік саласына қатысты Үкімет деңгейінде шешім қабылдауда беделді сараптамалық орталықтың қызметін атқарары сөзсіз» — деді Ю. Лавриненко.
Оның айтуынша, бұл клуб сонымен қатар, көлік саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен бизнес қоғамдастық арасында байланысты нығайтуға дәнекер бола түседі.
«Өйткені бүгінгі таңда елімізде көлік және логистика саласында қарапайым жұмысшы кадрлардан бастап, басқарушы логистик қызметкерлерге дейін біліктілігі жоғары мамандар жетіспейді. Сондықтан, жоғары оқу орындары мен бизнес қоғамдастығы арасындағы байланысты одан әрі нығайту қажет» — деп түйіндеді Ю. Лавриненко.