Қазақстанда көп пәтерлі үйлер әр 25-30 жыл сайын міндетті түрде күрделі жөндеуден өткізіліп отыруы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда көп пәтерлі үйлер әр 25-30 жыл сайын міндетті түрде күрделі жөндеуден өткізіліп отыруы тиіс

Қазақстанда көп пәтерлі үйлер әр 25-30 жыл сайын міндетті түрде күрделі жөндеуден өткізіліп отыруы тиіс

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңды қайтадан жазу керек. «Қазақстанның ұлттық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс палатасы» ЗТБ басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков осындай ұсыныс жасады.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Көп пәтерлі үйлердің қызмет көрсету мерзімі әртүрлі: 50, 70, 100 жыл болуы мүмкін (…) Инженерлік коммуникациялар 25-30 жылда бір рет ауыстырылуы тиіс. Сондықтан көп пәтерлі үйлерді 25-30 жыл сайын күрделі жөндеуден өткізуді ұсынамыз. Бұл міндетті норма ретінде қолданысқа енгізілуі тиіс», — деді ол дүйсенбі күні «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы: сұрақтар, жауаптар мен ұсыныстар» атты конференцияда.

Т.Рахымбековтың есебіне қарағанда, «мұндай үйлердің 1 шаршы метрін жөндеуге 30 мың теңге немесе 200 доллар кетеді».

«Қазақстанда 182,5 млн шаршы метр көп пәтерлі үй бар. Оны 25-30 жылға бөлсек жыл сайын елімізде 7 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс. Орташа есеппен 30 мың теңге деп алсақ, бұл мақсаттарға жылына 200 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсау қажет», — деді ол.

Сарапшының айтуынша, «бюджет үшін бұл ауыр, сондықтан бір ғана мемлекетке қарап телміріп отыруға болмайды».


Сондықтан «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заң әзірлеп, онда «мемлекеттік органдар мен пәтер иелерінің жауапкершіліктері (…) нақты көрсетілуі тиіс, дейді ол.

Т.Рахымбековтың пікірінше, заңда пәтер иелерінің жауапкершілігі мен міндеттері күшейтілуі тиіс.

«Бізде 20 жыл бойы тұрып, сол үйді күтуге, ПИК құруға қатысқысы келмейтін адамдар бар. Жиырма жылдан соң үйдің ана жер-мына жері кете бастаған кезде әкімдікке келіп: «маған үй беріңіздер, үйім құлап қалайын деп тұр!» дейді. Ал, өзі үйдің сондай жағдайға жетпеуі үшін саусағын қимылдатқан жоқ», — деді палата басшысы.