Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі өзгерді

Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті елдердің тізімі өзгерді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша қауіпті елдердің жаңа тізімін жариялады.

  • 8 Наурыз 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Саravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарлықта коронавирус инфекциясының Қазақстанда таралуының алдын алу үшін COVID-19 тіркелген елдердің тізіміне өзгеріс енгізілгені жазылған.

Бұл мемлекеттерден келген азаматтар коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларында жазылған емдеу шараларына (медициналық мекемелердегі 14 күндік карантин, үйдегі медициналық бақылау және т.б.) бағынуы керек.

Тізімнің А дәрежесіне ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея енген. Бірінші Б дәрежесінде Италия ғана қалды. Ал екінші Б дәрежесінде Германия мен Испания бар. 


Үшінші дәрежеге Гонконг, КХР, Швеция, Жапония, Таиланд, БАЭ, Франция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, САР кірді.