Қазақстанда коронавирустан өлім жағдайы тіркелді
![]() |
Қазақстанда қатері дерт жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды. |
Кейінгі тәулікте 87 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 600 адам коронавирус инфекциясынан (–2 406+ және 194 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 341 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, 2 қаңтарда бір науқас пневмониядан қайтыс болған.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін