Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді

Өткен тәулікте жетпіс алты адамда коронавирус диагнозы расталса, 364 науқас ковидтік пневмонияға шалдықты. 

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 97
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 4 адам көз жұмды. Пневмониядан қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды, ковидтік пневмониядан көз жұмғандар 1 тамыздан бері алғаш рет тіркелген жоқ.

Бір тәулікте 76 адам жұқтырды, 364 адам пневмонияға шалдықты.

13 наурыздан бері республикада 107 450 пациентте коронавирус диагнозы расталды, 1 707 науқас қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері 31 532 науқас пневмонияға шалдықты, 345 науқас көз жұмды.


Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Пациенттердің арасында 101 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 14 науқас хәл үстінде жатыр. 20 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.