Қазақстанда мамыр айында инфляция 0,5% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мамыр айында инфляция 0,5% құрады

Қазақстанда мамыр айында инфляция 0,5% құрады

Қазақстанда мамыр айында инфляция 0,5%, жылдық көрсеткіште 8,3%құрады,деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі агенттігі.

  • 1 Маусым 2011
  • 400
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпараты бойынша, өткен айда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6%-ға қымбаттаған, тарифтер мен ақылы қызметтердің бағасы 0,3%-ға өскен.

Өткен айда нан өнімдері мен жарма өнімдері 0,9%-ға, жармалар 5,3%-ға, ұн бағасы 1,3%-ға, макарон өнімдері 1%-ға, тоқаш және ұннан жасалған кондитер өнімдері 0,4%-ға, нан 0,3%-ға қымбаттаған.

Ет пен құс бағасы 1,7%-ға, картоп 1%-ға, кондитер өнімдері 0,6%-ға, ірімшік 0,5%-ға, майлар, қант 0,4%-ға қымбаттаған. Жаңа піскен жеміс-көкөністер 0,3%-ға, шикі сүт 2%-ға, жұмыртқа 2,6%-ға арзандады.

Фармацевтикалық өнімдердің, жуғыш және тазалағыш құралдардың бағасы 0,1%-ға, киім, аяқ-киім бағасы 0,2%-ға, цемент 1,5%-ға, сұйытылған газ 1,8%-ға қымбаттады. Бензин бағасы 5,1%-ға, дизельотыны 5,5%-ға өсті.

Мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері 0,3%-ға, денсаулық сақтау саласының қызметтері 0,4%-ға, шаштараз 0,8%-ға,мектепке дейінгі білім мекемелерінің қызметтері 1,9%-ға,алыс қашықтықтарға теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері 3,8%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық саласында пәтерді ұстау тарифтері 0,3%-ға, қоқыс жинау 0,4%-ға, таратушы желілермен жеткізілетін газ 0,7%-ға қымбаттады.