Жарияланды: 480

Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну процессі одан әрі жалғасуда

Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну процессі одан әрі жалғасуда. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, 4-шілде күнгі жағдаймен барлығы 24 кандидаттың, соның ішінде облыстық мәслихатқа -5 , аудандық мәслихаттарға - 17, қалалық мәслихатқа 2 үміткердің аты ұсынылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихат депутаттарының сайлауы 2003-жылдың 20-қыркүйегінде өтеді. Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мерзімі сайлау басталардан екі ай бұрын , яғни, 20-шілдеде аяқталуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін