Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жобасы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жобасы іске қосылды

Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жобасы іске қосылды

Қазақстанда медициналық қалдықтарды тиімді пайдалану және Өткір органикалық қалдықтар жөніндегі Стокгольм конвенциясы міндеттемелерін орындау жөніндегі ұлттық жоспарды жаңарту жобасы іске қосылды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 1558
Фото - Caravan.kz

Оны Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Ғаламдық экологиялық қор бірлесіп жүзеге асырады. Бұл туралы сәрсенбі күні Астанда аталған жобаның іске қосылуына орайластырылған семинарда белгілі болды.

БҰҰ ДБ хабарламасына сүйенсек, жыл сайын Қазақстандағы медицина мекемелерінде 20 мың тоннадан астам қалдық жиналады екен. Оның басым бөлігі аса қауіпті болып саналады. Қалдықтардың дені өртеу арқылы жойылады. Алайда, өртеу процесі арнайы қондырғыларда атқарылмайды. Бұл атмосфераның улы заттармен ластану деңгейін күшейтіп, елдегі экологиялық ахуалдың нашарлай түсуіне ықпал етеді. Оның үстіне, күн сайын қанша қалдық өртеліп жатқаны туралы нақты мәлімет жоқ, мониторинг жүргізілмейді, дейді мамандар.

Сонымен қатар, істен шыққан құрамында сынабы бар құралдар да жағдайды қиындатып отыр. БҰҰ ДБ мәліметінше, қазір Қазақстандағы өнеркәсіп ошақтарының аумағында 334 мың 81 тонна сынапты қалдықтар жатыр. Республикада бұл салада да бақылау жүргізілмейді.


Мамандардың пікірінше, жаңа жоба медициналық қалдықтар мен сынапты басқару саласындағы кедергілерді жойып, жағдайды бағамдауға, медициналық қалдықтарды қауіпсіз жолмен жоятын ең үздік технологияларын таңдап алуға мүмкіндік бермек.

Жобаға Ғаламдық экологиялық қор 3 млн 400 мың доллар қаражат бөліп отыр. Жобаның жалпы құны 38 млн 488 мың доллар. Жоба 4 жылда жүзеге асырылады.