Қазақстанда мектептерде шет тілі бірінші сыныптан бастап жүргізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мектептерде шет тілі бірінші сыныптан бастап жүргізілмек

Алдағы оқу жылы Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде бірқатар жаңа пәндер оқытылатын болады, деп хабарлады республиканың білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.
           "Биылғы оқу жылының ерекшелігі сол, 1-шы сыныптан бастап шет тілі енгізілмек, жан басына шаққанда қаржыландыру пилотты жобасы іске қосылады, "информатика" пәні 7-ші сыныптан 5-ші сыныпқа аударылады,"Абайтану", "Алаштану" сияқты жаңа пәндер енгізіледі", деді ол дүйсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
           Вице-министр атап өткендей, министрлік оқу жылына дайындықты мұқият бақылауда.
           Оның деректеріне қарағанда, 1-қыркүйек күні 2,5 миллион оқушы үшін 7 мың 398 мектеп есігін ашады, бірінші сынапқа 265 мың оқушы бармақ.
           Оның айтуынша, білім беру саласының 581 ұйымы е-learning (электронды оқыту) жобасына қосылған, жылдың соңына оған тағы 578 оқу орны қосылмақ.

  • 26 Тамыз 2013
  • 699
Фото - Caravan.kz