Жарияланды: 1700

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жалақыны есептеу жүйесін автоматтандыру ниеті бар - Жәмішев

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жалақыны есептеу жүйесін автоматтандыру ниеті бар. Бұл туралы бүгін Астана қалалық қазынашылық департаментінде өткен кеңесте еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалақы модулі "мамандар" модулімен біруақытта жүзеге асырылады, сөйтіп барлық мемлекеттік мекемелер бұл жүйеге әрбір қызметкерге қатысты мәліметтерді береді де, жүйе орталықтандырылған тәсілмен барлық қызметкердің жалақысын есептеп карточкасына аударады", - деді Б. Жәмішев. Оның айтуынша, соның арқасында "көптеген бухгалтерлердің саны қысқарып, тәртіп артады. Осындай техникалық дайындық бізге жергілікті жерлерде қазынашылық бөлімшелерін құрмай-ақ жергілікті бюджеттерді жасақтауға мүмкіндік береді", -деді ол. Министрдің айтуынша, осындай шаралардың бәрі де шығындарды азайтуға септігін тигізеді. "Ақпараттық жүйелерде қателік жіберілмейді. Әрбір қызметкерге қатысты мәліметтер дұрыс енгізілсе, онда қандайбір қателік болмайды, жалақы дұрыс есептеледі", - пдеді Б. Жәмішев. Мұндай жаңалық "орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді". "Ал жалақыны есептеу қолмен жасалған кезде манипуляциялардың тәуекелі артады", - деді ол. Еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз кезегінде қаржы министрлігінің бастамасын қолдады. "Жалпы алғанда, жалақы бойынша модуль енгізу жөніндегі сіздің идеяңызды қолдаймын, сол себепті оны бюджеттік комиссияның қарауына ұсынуды тапсырамын. Бізде уақыт әлі бар, сол себепті осы мәселені үш жылдық бюджетте ескеру үшін оны талқылап алайық", - деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть