Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге айыппұл салу ұсынылды
![]() |
Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеті туралы құқық қорғау органдарына жеткізбеген педагог, медициналық және әлеуметтік жұмыскерлерге салынатын айыппұл санкциясы түріндегі жаңа шара туралы мәлімдеді. |
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Егер дәрігер баланың денесінен ұрып-соғу іздерін көрсе, бұл туралы үндемей қалмай, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Егер мектептегі мұғалім баланың соққыға жығылғанын, басылып қалғанын көрсе, ол да шара қабылдау керек», - дейді Бычкова.
Сенат тиісті заң жобасын мақұлдаған жағдайда балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты айыппұл санкциясы күшіне енеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін