Жарияланды: 500

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі ұлғайып, жанармай өндіру көлемі азайды - ҚР ЭМРМ

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі ұлғайып, жанармай өндіру көлемі азайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы алғанда ай сайынғы өнім өндіру көлемі жылына 12,5 млн тонна жоспар бойынша өсті, тек өткен 7 айда өңдеу көлемі 7 млн тоннадан асты, яғни, 6% өсімге қол жетті. Дизельдік отын мен керосин бойынша да өсім бар, тиісінше, технологиялық тұрғыдан дизельдік отын мен авиакеросинді өндіруді ұлғайту қажеттігіне байланысты жанармай өндірісі 5%-ға жуық азайды. Басқа да мұнай өнімдері бойынша өсім бар", -деді вице-министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін