Қазақстанда мыңнан астам ауыл сапалы интернетпен қамтылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мыңнан астам ауыл сапалы интернетпен қамтылмақ

Қазақстанда мыңнан астам ауыл сапалы интернетпен қамтылмақ

Қазақстан 2015 жылдан бастап ауылдарды оптикалық-талшықты желілерге қосу жобасын жүзеге асырмақ.

  • 31 Қазан 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағұлов хабарлады.

«Ауылдарға оптикалық-талшықтты желілерді ауылдарға тарту жөнінде қызықты жобамыз бар. Соны жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. Жоба келесі жылдан бастап іске асырылмақ», — деді ол жұма күні «электронды үкіметті» дамыту жөніндегі жиында.

Вице-министр, мұндай жобалардың қазіргі таңда өзге елдерде де жүзеге асырылып жатқанын еске салды. «Үш жылда бір мыңнан астам ауылды қамтып, азаматтарға сапалы интернет қызметін ұсынамыз», — деді ол.

А.Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде 888 ауыл жылдамдығы секундына 256 кбт болаын ескі 2G технологиясы бойынша интернетке қосылған.