Қазақстанда наурыз айы ішінде күнкөріс минимумы 0,2% төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда наурыз айы ішінде күнкөріс минимумы 0,2% төмендеді

Қазақстанда наурыз айы ішінде күнкөріс минимумы 0,2% төмендеді

Қазақстанда 2015 жылы наурыз айында күнкөріс минимумының көлемі 19,016 мың теңгені құрады,

  • 2 Сәуiр 2015
  • 589
Фото - Caravan.kz

бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2% аз.
Бұл көрсеткіш 2014 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 5,4% артты, деп хабарлады Экономика министрлігінің статкомитетінен.
Статистиктердің деректеріне қарағанда, күнкөріс минимумының жалпы көрсеткішінде азық-түлік тауарларының үлесі 11,410 мың теңгені құрады, азық-түлік емес тауарлардікі 7,606 мың теңге.
Статкомитеттің деректеріне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы көлемі 13 жасқа дейінгі балаларда 15,082 мың теңгені құрады, 14-17 жастағы ұлдар үшін – 24,051 мың теңге, сол жастағы қыз балалар үшін 18,430 мың теңге, еңбекке жарамды ер адамдар үшін – 22,657 мың теңге, әйелдер үшін – 17,994 мың теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 17,841мың  теңге.

Қазақстан халқының саны 17,4 млн адамнан асады.