«Қазір ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыстарын одан әрі жалғастыруда», -деді Қ. Өскенбаев.
Оның айтуынша, «ойын автоматтарының қожайындары ақшаның орнына түрлі халық тұтынатын тауарлар, телефон байланысының төлем талондарын, жанармай талондарын таратуда. Өйткені, қолданыстағы заңға сәйкес, құмар ойынына қатысушы ақша алған жағдайда ғана бұл — құмар ойынының басты белгісі болып саналады».
«Осыған байланысты жаңа заң жобасымен заңның әсері аясына ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтарын да қосу қарастырылуда. Сондай-ақ, заң жобасымен ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға берілетін лицензия мерзімін 10 жылмен белгілеу жоспарланған «, -деді вице-министр.
«Клиенттің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін жобада ойын бизнесі мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазба жүйелерімен жабдықтау көзделуде», — деді Қ. Өскенбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті