«Соңғы екі жылда қайта өңдеу өндірісінің даму көрсеткіштері тау-кен кәсіпорындарындағы көрсеткіштерінен асып түсті «, — деп хабарлады Ғ. Оразбақов.
Ол атап өткеніндей, «Қазақстанда 11 айда өндіріс өнімдері 6 трлн 915 млрд теңгеге шығарылды». «Былтырғы жылмен салыстырғанда жеке индекс көлемі 104,5% құрады».
Министрдің деректері бойынша, «тау-кен өндірісінде осы жылдың қаңтар-қараша айларында 3 трлн 909 млрд теңге өнім өндіріліп, 102,8% ұлғайды. Ал өңдеу кәсіпорындарында бұл көрсеткіш 2 трлн 637 млрд теңгеге жетіп, 106,9% құрады».
«Өңдеу өндірісіндегі тері илеу саласының даму көрсеткіші 37,8% құраса, химиялық өсім 28,2%, машина және құрал -жабдықтарды шығару көрсеткіші 21,8% жетті», — деп атап өтті Ғ. Оразбақов.
«Айтылған мәліметтерге сүйене отырып, биылғы жылы кәсіпорындардың қорытындылары кейбір жағымсыз жәйттерге қарамастан, оңтайлы болатынын болжауға болады», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті