Қазақстанда онкологиялық аурулардың азаю үрдісі байқалып отыр - Онкология және радиология ҒЗИ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда онкологиялық аурулардың азаю үрдісі байқалып отыр - Онкология және радиология ҒЗИ

Қазақстанда онкологиялық аурулардың азаю үрдісі байқалып отыр - Онкология және радиология ҒЗИ

Алматы. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ракпен ауру жағдайы тұрақтанды, 2007 жылдың қорытындысы бойынша азаюға бет алды. Бұл туралы дүйсенбі күні Халықаралық ракпен күрес күніне арналған "Қазақстандағы онкологиялық аурулардың проблемалары: қазіргі жағдайы, себептері, шешу жолдары" атты баспасөз мәслихатында Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Жеткерген Арзықұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Ақпан 2008
  • 1312
Фото - Caravan.kz

«Оң үрдіс байқалды және ол өте тұрақты болып отыр», — деп мәлімдеді Ж. Арзықұлов.

Оның айтуынша, 2007 жылдың қорытындысына сәйкес, рак ауруымен ауыратындардың саны 500 адамға қысқарып, 2001 жылғы 29 000 адаммен салыстырғанда 28 500 адамды құрады. Сонымен қатар, өлім көрсеткіші өткен жылы екі мың адамға азайып, 17 000 адамды құрап отыр.

Сонымен бірге, Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің ұлттық орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан үшін онкологиялық аурулар мәселесі көкейкесті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылатын халық арасында онкологиялық аурулармен ауру және содан өлу көрсеткішінің жоғарылығымен байланысты болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылға дейін әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда онкологиялық ауру санының артатыны болжанып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті