Қазақстанда онлайн университеттер құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда онлайн университеттер құрылады

Қазақстанда онлайн университеттер құрылады

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді.

  • 27 Қаңтар 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат — онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады", — деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, ол "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының бағыты өзгеретінін мәлімдеген.


"Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, оның ішінде Ресейге, мүмкін ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз", — деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Соңғы жаңалықтар