Қазақстанда орташа жалақының көлемі өсті - ҰЭМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда орташа жалақының көлемі өсті - ҰЭМ

Қазақстанда орташа жалақының көлемі өсті - ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында орташа жалақының көлемі өсті, деп xабар

  • 18 Сәуiр 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында орташа жалақының көлемі өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, орташа жалақының өскенін ерекше атап өткен жөн. Бүгінде орташа жалақы 148,6 мың теңгені құрап отыр. Биыл аталған көрсеткіш 3,8 пайызға өсті. Өткен жылы тура осы уақытта, керісінше, 9,6 пайызға төмендеген. 2015 жылда да орташа жалақының көлемі азайған болатын. Сондықтан үстіміздегі жылда орташа жалақының көтерілуі — қуантарлық жағдай», — деді Сүлейменов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Министрдің сөзіне қарағанда, өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, жұмыссыздықтың деңгейі 0,1 пайызға төмендеп, 4,9 пайызды құрады.

Айта кетейік, бүгін министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алғашқы үш айдың қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, бүгінде xалықтың несиені теңгемен көптеп ала бастағаны байқалған.


 

Соңғы жаңалықтар