Қазақстанда өрттердің салдарынан 2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жатқызылған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрттердің салдарынан 2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жатқызылған

Қазақстанда өрттердің салдарынан 2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жатқызылған

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан 2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының «Автомобилист» бақшашылар шаруашылығында 28 шаршы метр аумақты шарпыған саяжайдағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылған. Оның аты-жөні анықталған жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, 7 қаңтарда Атырауда көп пәтерлі үйде шыққан өртті сөндірген кезде 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Көмірқышқыл газынан уланған 33 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақтауда «Синтез» бақшашылар қоғамында тұрмыстық газ баллонының жарылуы салдарынан 50 шаршы метр аумақта үй мен шаруашылық жайы өртеніп, жалын біртіндеп «ВАЗ-2106» автокөлігіне қарпай ойысты. Соның салдарынан 2 адам аүйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті