Қазақстанда өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты

Қазақстанда өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты

Астана. 30 қараша."Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қараша 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында 40 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 49 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы сөндірді.

Сонымен бірге, Семейде саяжайдағы өртті сөндірген кезде аты-жөні анықталмаған әйелдің мәйіті табылды. Жалын жалпы 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы сөндірді.

Мекеме мәліметінше, Қостанай облысының Смирновка ауылында жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде 69 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрт аумағы 12 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті